Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғынына түнгі уақытта көршісін мазалағаны үшін айыппұл салынды

Павлодар облысының тұрғынына түнгі уақытта көршісін мазалағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 мамырда сағат 00:35-те Ертіс ауданының полиция бөліміне Ертіс ауылының тұрғынынан терезелерді қағып, ұйықтамайтын көршісіне шара қолдану туралы хабарлама келіп түсті.

– Шақыруға келген тәртіп сақшыларына құқық бұзушы ұлының туған күнінде көршісін қонаққа шақырмақ болғанын, бірақ уақыттың тым кеш болғанын байқамағанын айтып түсіндірді, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полицейлер ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасады. 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері 2 мың азаматқа қатысты тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жасалды. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін шу шығаруға тыйым салынады. Бұзушылық үшін айыппұл санкциялары қарастырылған: жеке тұлғаларға – 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру