Ішкі істер министрлігінде Конституция күні атап өтілді
ІІМ-де Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ардагерлер мен жеке құрамды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтай отырып, ел Президенті ведомствоның мемлекеттік басқару жүйесіндегі ерекше рөлін белгілегенін атап өтті.
– Құқық қорғау органдары қызметінің барлық бағыттары адамның кепілдіктерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Бұл демократиялық құқықтық мемлекеттің мақсаттары мен мәнін анықтайды. Оның негізі – елдің Конституциясы. Осыған байланысты біз ІІМ-нің барлық қызметтері мен бөлімшелері қызметінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуіміз қажет. Сондықтан бүгінде полиция жұмысы «адамға бағытталған» және «клиентке бағдарланған» қағидаттарына қайта құрылуда, – деді ол өз сөзінде.
Қожаев сондай-ақ мемлекет қызметкерлердің материалдық-техникалық жай-күйі мен әлеуметтік қорғалуын нығайта отырып, ішкі істер органдарына үлкен қамқорлық көрсетіп жатқанына тоқталды.
Іс-шара барысында министрдің бірінші орынбасары ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін алғыс хаттармен, грамоталармен және медальдармен марапаттады.