Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық кеңесі бір жыл ішінде 196 құқықтық актінің жобасына қоғамдық сараптама өткізді  

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық кеңесі бір жыл ішінде 196 құқықтық актінің жобасына қоғамдық сараптама өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда осы мемлекеттік мекеменің өткен жылғы жұмысының қорытындылары шығарылды.

Қоғамдық бақылау нәтижелері – Ішкі істер министрлігі әзірлеген құқықтық актілердің қоғамдық сараптамалары, ішкі істер органдары қызметінің проблемалық мәселелері және халық үшін өзекті мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар, сондай-ақ Министрліктің бөлімдеріне қоғамдық мониторинг болып табылады.

Мәселен, өткен жылдың қыркүйегінде Қоғамдық кеңес мүшелері бейнеконференция режимінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау туралы есебін тыңдады.

Желтоқсан айында онлайн режимде екі қоғамдық тыңдау өткізілді, онда ішкі істер органдарының мемлекеттік объектілерді қорғау функцияларын бәсекелестік ортаға беру дайындығы туралы қорытындылар және аумақтық полиция департаменттері жанындағы консультативтік-кеңесші органның өзекті мәселелері қаралды.

Қоғам белсенділері учаскелік полиция инспекторларының отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты құқық бұзушылықтарды қарау, ішкі істер органдарын жаңғырту, өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Жол картасын іске асыру шеңберіндегі проблемалық мәселелерді қарастырды.

Қоғамдық бақылау шеңберінде Кеңес Ішкі істер министрлігі әзірлеген 196 заң актісінің жобалары бойынша (Үкімет қаулыларының,Ішкі істер министрлігі бұйрықтарының жобалары және т.б.) ұсыныстарымен қоғамдық сараптама өткізді, олардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты азаматтардың өтініштерін қарады, соның ішінде полиция қызметкерлерінің этикалық нормаларды бұзуы және заң нормаларын нақтылау және басқалары туралы мәселелер бар.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне және БҚО бойынша ҚАЖД түзеу мекемесіне екі рет мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында Кеңес мүшелері бөлімшелердің қызметімен танысып, жеке құрамға Кеңестің жұмысы, заңдылық пен тәртіп туралы заңнамаға енгізілетін алдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттарды жеткізді.

– Кеңес қызметі Ішкі істер министрлігі, ҚР Парламенті, АжҚДМ, саяси партиялар, республиканың адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, басқа да заңды тұлғалардың, сондай-ақ халықаралық, ұлттық құқық қорғау ұйымдарының қызметтерімен тығыз серіктестікте және өзара іс-қимыл жасасу арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Кеңес мүшелері ғылыми форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер жұмысына және мемлекеттік органдардың жұмыс топтарына белсенді қатысуда, – деп атап өтті Кеңес төрағасы Марат Қоғамов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру