Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 9 миллионға жуық төленбеген айыппұлдары бар 160-қа жуық көлік айыппұл тұрағына тоғытылды

Атырау облысында төленбеген айыппұлдары 9 млн теңгені құрайтын 160-қа жуық шетелдік автокөлік арнаулы тұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының 28 күні, яғни бір тәулік ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері қала аумағында жүрген ҚР ӘҚБтК-нің 785- бабына сәйкес төленбеген айыппұлдары бар Ресей, Армения, Қырғызстан елдерінен әкелінген 12 автокөлікті анықтады.

Олардың екеуі 36 254 теңгені құрайтын айыппұлдарын сол жерде төлеген. Ал, ортақ айыппұлдары 395 870 теңгені құрайтын 10 автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері арнаулы тұраққа жеткізді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырауда 9 млн теңгені құрайтын төленбеген айыппұлдары бар 160-қа жуық шетелдік автокөлік арнаулы тұраққа қойылды. 

Олардың бесеуі Қырғызстаннан, біреуі Әзірбайжаннан, 19-ы Армениядан әкелінген автокөліктер болса, қалғаны Ресейден жеткізілген автокөліктер болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру