Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты жиын өтті

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тікелей тапсырмасымен заңсыз жер қойнауын пайдалануды анықтау бойынша жұмыстар үздіксіз атқарылуда. Осы бағытта полиция департаментінде ауқымды жиын өтті.

Аталған іс-шараға осы бағытта жұмыс жасайтын барлық мемлекеттік сала мамандары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе аясында бірқатар баяндамалар жасалып, өңірде жер қойнауын пайдаланушылар, құмды-қиыршық тас, құрылысқа арналған саз топырақты заңсыз артып әкетіп жатқандарға көрілетін шара, алдын алу жайттары талқыланды. Ал карьер иелері құрылым басшыларына өздерінің көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Айта кетсек, облыс полициясымен табиғатқа залал келтірушілерді анықтау мақсатында рейдтік жұмыстар қарқынды жалғасып жатыр. Нәтижесінде жыл басынан бері 19 қылмыстық іс қозғалып, заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша 142 тұрғын анықталған. 100-ге тарта техника айыптұраққа қойылған.

Жиын соңында полиция тарапынан табиғатқа залал келтірушілерді анықтау жұмыстары тоқтамайтыны жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру