Ішкі істер органдарының кадрлық саясатындағы жаңашылдықтар талқыланды
ІІМ курсанттарынан бастап басшылықтарына дейін алғаш рет полициядағы қызметтің жаңа жағдайдағы көрінісін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ІІМ кадр саясаты Департаментінің, Алматы қаласы мен Алматы облысының полиция Департаменттерінің басшылары ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесі мен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры мамандарының қолдауымен ішкі істер органдарының кадрлық саясатындағы жаңашылдықтарды және қызмет моделіне көшуді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Бүкіл прогрессивті әлемде полиция институты қызмет көрсету моделі негізінде дамып келеді. Біз, сондай-ақ, осындай модельге көшетінімізді жарияладық, бірақ әзірге жұмыс тек үзік-үзік нәтижелерге алып келді. Президенттің айтуынша, жергілікті полиция қызметінің «полиция жаяу жүреді» қағидаты бойынша неғұрлым кешенді реформасы жетілген, мұнда басты рөл учаскелік инспекторға жүктелген.
Ішкі істер Министрлігі кадр саясаты Департаментінің бастығы Айдар Сайтбековтің айтуынша, қызмет көрсету моделі полиция қызметтері мен қоғамға қылмыстың мәселелерін шешу, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Оның негізі екі негізгі компонентке негізделген: полицияның тәжірибесі мен тәсілін өзгерту және полиция мен қоғам арасында маңызды қарым-қатынас орнату үшін шаралар қабылдау.
Айтпақшы, мұндай шара және осындай ауқымда бірінші рет өткізіліп отыр: министрдің кадрлық аппаратқа қойған міндеті – инновациялар алдымен ведомстволық жоғары оқу орындарының әр студентіне жеткізіледі. Дәл солар, ертеңгі лейтенанттар, жаңа форматта қызмет ете бастауы керек. Семинарға Академия оқытушылары, учаскелік полиция инспекторлары мен полиция Департаменттерінің басшылары қатысты.
Бұдан шығатын қорытынды – қоғам қауіпсіздік мәселелерін анықтау процесіне белсенді қатысады және оң нәтижелер мен тиімділікке қол жеткізу үшін бұл тәсіл барлық өзара әрекеттесу нәтижелері мен оның осы процестегі рөлін көретін полицияның барлық қызметтері тарапынан да, тұрғындар тарапынан да мақсатты қолдауды білдіреді. Бұл модельді енгізу бір күндік жұмыс емес: нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу керек, ең бастысы полиция қызметкерлерін жаңа жағдайда жұмыс істеуге үйрету керек.
М.Есбулатов атындағы Алматы қаласы ІІМ академиясында сарапшылар мұғалімдерге «Полицияның заманауи аспектілері – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдер» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты – ішкі істер органдарымен полиция қызметін қызметтік модельге көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндіру. Тағы бір тақырып: «Жобаларды басқару негіздері: принциптері, процестері мен әдістері» Академия мен Алматы полиция Департаментінің басшылығымен талқыланды.
Спикерлер «Құқықтық саясатты зерттеу орталығының сарапшысы» Назгүл Ерғалиева, Айдар Сайтбеков, басшының орынбасары Алексей Милюк, КСБД Басқармасының бастығы Әмина Алмағамбетова және ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесінің кеңесшісі Эльмира Хисамудинова болды.
ІІМ курсанттарынан бастап басшылықтарына дейін алғаш рет полициядағы қызметтің жаңа жағдайдағы көрінісін талқылады. Өйткені, курсанттар жаңа форматта жұмыс істей бастайды. Министрдің тапсырмасы бойынша Мемлекет Басшысы Жолдауының ережелерін талқылау ІІМ ведомстволық оқу орындарынан басталды, сол арқылы ведомстволық білім берудің рөліне баса назар аударылды.Учаскелік инспекторларға өнімді жұмыс атқару үшін қадамдық алгоритм ұсынылды. ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен «жұртқа жақын полиция» қағидатын енгізуде басты тұлғалар ретінде учаскелік полиция инспекторлары үшін және жергілікті полиция қызметінің басшылық құрамына УПИ жұмысы үшін басшылықты – әрбір қызметтік жағдайдағы іс-қимылдардың қадамдық алгоритмін практикалық қолдану бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Мысалы, әкімшілік учаскенің тұрғындарымен өзара іс-қимыл жасау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамға көмек көрсету, мүгедектікке ұшыраған адамдармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері, суға батушыны құтқару кезіндегі іс-әрекеттер және т. б.
Қазақстан полициясы сервистік модельге көшуде. Халықаралық тәжірибеде сервистік полицияның келесі тұжырымдамасы қабылданды: сервистік полиция – бұл басқару стилі, мәселелерді шешуге және қоғаммен серіктестікке бағытталған ұйымдастырушылық стратегия. Қазір біз өзіміздің ұлттық моделімізді құру сатысында тұрмыз. Полиция – бұл азаматтардың проблемаларын шешетін және көмек көрсететін қызмет. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің «сервистік» форматына көшу үшін өткен жылдан бастап Қарағанды облысында пилоттық жоба басталды. Оның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде жергілікті қоғамдастықпен әріптестік қатынастар орнату. Жақын арада дәл осындай жоба елордада жұмыс істей бастайды.
ІІМ өз қызметіне жобалық тәсілді енгізуде. Құқықтық саясатын зерттеу орталығының қолдауымен Алматы академиясының және Алматы қ. ПД басшылық құрамы үшін жобалық басқару бойынша тренингтер ұйымдастырылды.