Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинде жұмыс істеген кәсіпкерлік нысан анықталды

Шымкентте карантинде жұмыс істеген кәсіпкерлік нысанның әкімшілігінен анықтама алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жедел әрекет ету” арнайы чатына карантин уақытында кәсіпкерлік нысанының жұмыс істеп жатқандығы туралы хабарлама келген. Аталған жайт негізінде 19 қыркүйек сағат 15:00 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы, Кең баба саябағында орналасқан “Happy Gallery” балалар ойын алаңшасы, яғни жабық ғимарат келушілерді қабылдап жатқаны анықталды.

“Happy Gallery” ойын алаңшасының әкімшілігінен анықтама алынды. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің №38 қаулысының ережелерін сақтамай, карантин режимін бұзып келушілерді кіргізіп отырғандығы үшін “Happy Gallery” балалар ойын алаңшасының әкімшісіне заңды шара көру үшін жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру