Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінің мемлекеттік тіркеу белгісі анықталмады

Шымкентте жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінің мемлекеттік тіркеу белгісі анықталмады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйекте Шымкент қаласындағы Дулати көшесінде “NISSAN” маркалы автокөлігі карсы бағытқа шығып, басқа жол қозғаласының қатысушыларына кедергі жасағаны бойынша бейне материалдарды “Жедел әрекет ету” чатын жарияланған болатын.

Аталған жайтты тексеру барысында автокөлік маркасы белгілі болғаны мен мемлекеттік тіркеу белгісін анықтау мүмкіншілігі болмады.

Осыған орай аталған чатқа осы жайтқа қатысты фотоның сапалы нұсқасы болса жолдауларыңызды, сондай-ақ жол жүру ережесін бұзу фактісіне қатысты фото немесе видео жазба жолдаған да автокөліктердің мемлекеттік номері анық көрінуі қажет екенін ескерулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру