Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер реформасы: ведомстволық білім беру мәселелері

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасына ҚР Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының кәсiби-психологиялық даярлық және iшкi iстер органдарын басқару кафедрасының бастығы, подполковник, саяси ғылымдар кандидаты Ербақыт Баймұханов қатысты. Сондай-ақ, телефон арқылы Алматыдан ҚР Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы №1 жоғары басшы құрамды даярлау факультетінің  бастығы, полиция полковнигі Ержан Бимолданов қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтардың қайғылы күндерінде елдің құқық қорғау органдары үлкен күш-жігердің арқасында қызметкерлердің ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ, қарапайым азаматтардың қолдауы арқасында құқықтық тәртіпті қалпына келтіруді, бейбіт халықтың қорғалуы мен тыныштығын қамтамасыз етті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі «күрделі» санатқа жатады. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының қызметін қайта қарау туралы нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, құқық қорғау жүйесін түбегейлі реформалаудың, халықтың оларға деген көзқарасын өзгертудің, полицияны қолдауға ерекше мән берудің, кәсіптің беделін арттырудың басқа да міндеттерінің уақыты келді. Ішкі істер органдарын реформалау аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен реформалау барысында ведомстволық оқу орындарындағы тың өзгерістерге қатысты ақпаратпен бөліскен сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы өтіп тыңдай аласыздар.

РАДИО-СҰХБАТ

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру