Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанның сақшылары жолда көлігі бұзылып қалған жігітке көмектесті

Қазығұрт ауданының полицейлері көлігі бұзылып қалған жас жігітке көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің патрульдік полицейлері жолдарды патрульдеу кезінде қиындыққа тап болған жолаушылар мен жүргізушілерді жиі кездестіреді.

Мәселен, кезекті рет өз қызметтерін атқарып жүрген полицейлер аудан маңындағы трассалардың бірінде жол бойында тоқтап тұрған ВАЗ-21015 көлігін көріп, жанына тоқтайды. Жүргізушінің қал-жағдайын сұрап, көмек қажет етіп тұрғанын бірден түсінеді.

Жүргізуші тәртіп сақшыларына көлігі бұзылып, енді автосервиске жете алмай тұрғанын айтады. Тәртіп сақшылары бірден жедел әрекетке көшіп, қызметтік көліктерімен жүргізушінің автокөлігін сүйреп, жөндеу орталығына жеткізеді.

– Жолда келе жатып көлігім бұзылып қалды. Полицейлер мені көре сала келіп, тоқтап, көмегін көрсетті. Алла разы болсын! Полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Жұмыстарына сәттілік тілеймін!, – деді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру