Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер 11 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

Атыраулық полицейлер 11 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Атырау қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Атыраулық полицейлер іздеу салынған күдіктіні тұрақты түрде мониторинг жасалатын ҚР ІІМ-нің көші-қон ақпараттық базасы арқылы ақпан айының басында Атырау облысы аумағына келгенін анықтаған, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев. 

Айта кетейік, аталған Өзбекстан Республикасының азаматына 2011 жылы Ресей Федерациясының федеральдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігімен іздеу салған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру