Істі болған кәсіпкерлік үлкен мүмкіндік берілді
Жазасын өтеушілерге әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету аясында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік оқыту жобасының нәтижесінде істі болған азамат сүйікті ісімен айналысуда,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Баянауыл ауданының пробация қызметі есебінде тұрған бас бостандығын шектеу жазасына сотталған 1991 жылы туған Баянбек Баянауыл ауданының пробация қызметінің әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету жолдамасы бойынша 2019 жылы қараша айында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырылған «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша оқуды аяқтағандығын растайтын сертификатын алған. Осыған орай Баянауыл ауданы бойынша жұмыспен қамту орталығымен жазасын өтеуші Баянбекке 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 505000 (бес жүз бес мың ) теңге құрайтын мемлекеттік қайтарымсыз гранты бөлініп, сотталған Баянбек жеке кәсіпкерлігін дамыту мақсатында дәнекерлеу жұмыстарына арналған заттарды сатып алған.
Қазіргі уақытта сотталған өзінің сүйікті ісімен айналысуда. Баянауыл ауданының пробация қызметімен көрсетілген әлеуметтік – құқықтық көмекке алғысы шексіз. Болашақта Баянауыл ауданының пробация қызметі сотталған
тұлғаларға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетуде атқарар жұмыстары
өте көп.
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік жобасы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар және жұмыссыздардың кәсіпкерлікпен айналысуға үлкен мүмкіндік береді.