Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көктемгі су тасқынына ұшырайтын 40 учаскеде оқу-жаттығулар басталды

Алматы облысында көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 12 ақпаннан бастап Алматы облысының аумағында
“Көктем-2020” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде көктемгі су тасқынына ұшырайтын 40 учаскеде тәжірибелік іс-
әрекеттер бойынша оқу-жаттығулар басталды.
Fталған іс-шаралар Алматы облысының Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Балқаш, Қарасай, Кеген аудандарында өткізілді. Облыстың басқа аудандарында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін аяқталады. Оқу-жаттығуға төтенше жағдайлардағы басқару органдары, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, Алматы облысының аумағында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелері жұмылдырылды.
Оқу-жаттығуды өткізу барысында жергілікті атқарушы органдармен Іле,
Тентек, Қырғауылды, Қарқара, Түрген, Жармұхамбет өзендерінің серпінді
қауіпті учаскелерінде қорғаныс бөгеттерін салу бойынша практикалық
жұмыстар жүргізілді. Шұғыл әрекет ету жасағының құрамалары көпірлерді,
құбырлы өткелдер мен арналарды тазалап, ықтимал төтенше жағдайлар орын
алған жерлерде жағалауларды нығайту бойынша практикалық іс-шаралар
пысықталды. Эвакуациялық қабылдау пункттеріне халықты эвакуациялау
барысы, эвакуацияланған жатын жабдықтарымен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндіктері іс жүзінде пысықталды. Арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу үшін 300-ден астам адам және әр түрлі мақсаттағы 100 бірлік техника жұмылдырылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі алдын ала келтірілген зиянның көп миллионыншы экономикалық әсері ғана емес, әсіресе ықтимал қауіпті учаскелерде тұратын қарапайым азаматтардың алғыс сөздерін атап өткім
келеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру