Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы бойынша рейд басталды
СҚО-да полицейлердің балалары қатарластарына жадынамаларды таратып, сақтық шаралары туралы ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқушылардың жазғы демалысының алғашқы күндерінде СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Петропавл қ. Полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесе ата-аналар мен балалар арасында жазғы демалыс кезіндегі сақтық шаралары жөнінде акция өткізді.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы аппаратының қызметкерлері мен ювеналдық полицейлерден тұратын бірнеше топ облыс орталығының бірқатар ықшам аудандарында түсіндіру жұмысын жүргізді. Полицейлер балалармен және ата-аналармен Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және өзен-көлдерде өздерін тиісті ұстау қағидалары жөнінде әңгімелесті. Әңгіме әсерлі өтуі үшін акцияға полиция қызметкерлерінің балалары шақырылды. Бүлдіршіндер қатарластарына жадынамаларды тарата отыра, ережелерді қатаң ұстануға кеңес берді.
Ағымдағы жылғы төрт айдың қорытындысы бойынша облыс жолдарында балалардың қатысуымен бес жол-көлік оқиғасы тіркелген, бір бала көз жұмып, бесуі жарақат алған.
– Балалардың жол-көлік травматизмін ескерту мақсатында біз ата-аналарға балалар олардың іс-әрекетін дәлме-дәл қайталайтыны туралы түсіндірудеміз. Егер ата-ана баласын жолдың арғы жағына белгіленбеген жерден өткізіп жатса, болашақта олар да көргенін қайталап, жолды жаяу жүргіншілер жолағы мен бағдаршамнан тыс жерден кесіп өтетін болады. Жаяу жүргіншілер жолағымен тиісті түрде өту, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу, өзен-көлдерде дем алған кездегі сақтық шаралары – біздің міндетіміз құқықтық сауаттылықтың негізін қалыптастырып, сақтық шараларына салғырт қарау қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екенін түсіндіру, – деді СҚО Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.
Полицейлер профилактикалық акциялармен қатар кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту бойынша рейдтер жүргізеді. Жыл басынан петропавлдық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларымен 44 тексеріс жүргізілді, нәтижесінде 329 бұзушы жауапқа тартылды. Бұл жұмыс жаз бойы жалғасатын болады.