Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Polisia.TV: Тек маңызды ақпарат

ІІМ меншікті ақпараттық порталы www.polisia.kz еліміздегі оқиғалар  туралы жедел, ең бастысы – шынайы ақпарат беру арқылы интернет-кеңістікте өзінің орнын айқындады.

Енді Polisia.kz ақпараттық порталын тек оқып қана қоймай, көруге және тыңдауға болады. ІІМ қосымша формат – ақпараттық шығарылымдарды іске қосады.

Аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері, тек біздің бағдарламамызда ең маңызды мәселелер бойынша ІІМ өкілдерінің эксклюзивті бейнематериалдары мен ақпараттарын, өзекті түсіндірмелері мен сұхбаттарын көре аласыздар.

Сіз резонанстық қылмыстық істерді тергеу барысын, елдегі қылмыс деңгейін төмендету үшін ІІМ қолданатын шаралар мен жаңа өзгерістер туралы хабардар боласыз. Сондай-ақ, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болатыны жөнінде пайдалы кеңестер аласыз.

Осы және басқа да мәселелер «Polisia.kz» жаңа бағдарламасында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру