Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин ережелерін елемей, той жасаған шымкенттіктер анықталды

Карантин ережелерін елемей, той жасаған шымкенттіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 27 маусымында сағат 14:21-де аудан аумағында орналасқан «Шымыр» спорт комплексінде карантиндік шектеулерді бұзып, бесік той өткізіп жатқанын анықтады. Ұйымдастырушы тойға 40-тан аса қонақ шақырған.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған тойхананы  жалға алушыдан түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің  425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру