Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола ҚАЖ қызметкерлері БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады

Ақмола ҚАЖ қызметкерлері БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көп жылдар бойы Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің қызметкерлері аудандық “Простор” газетінің редакциясымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Бүгін колония қызметкерлері қалам мен сөз шеберлерін БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады.

Аудандық “Атбасар Простор” газеті 1930 жылдың қыркүйек айынан бастап апта сайын шығады. Биылғы жылы басылымға 91 жыл толады.

Мереке қарсаңында ЕЦ-166/4 қызметкерлері аудандық “Атбасар Простор” газетінің “Атбасар-Информ” ЖШС шығармашылық ұжымын салтанатты түрде құттықтады.

Колония бастығының орынбасары Жеңіс Ибраев биліктің төртінші тармағының өкілдерін журналистика саласындағы кәсіби мәселелерде белсенді өзара әрекеттестігі үшін, ҚАЖ мекемелерінің қызметі туралы материалдарды дайындау мен бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауда сенім мен көмек көрсеткенідері үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру