Карантин кезінде қалада қылмыс азайды
Карантинге байланысты шектеу енгізілгелі Алматыда қылмыс 70 пайызға қысқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазір қаладағы қылмыстық ахуал бірқалыпты. Тәулік ішінде 30 қылмыс тіркелсе, сақшылар тең жартысынан көбінің ізін суытпай ашып отыр.
Ұрлықтың өзі 66,6%-ке кеміген. Сонымен қатар көше мен қоғамдық жерлерде жасалатын қылмыс саны да айтарлықтай қысқарды. Бұл көрсеткіш қазір - минус 50,0%-ке тең.