Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атты полицейлер Алматы маңын дронмен бақылауға көшті

Атқа қонған Алматы полициясы қала төңірегін дронмен бақылай бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының маңындағы №13 постта кезекші полиция қызметкерлері бақылау бекетінен өтіп, қалаға кіруге және қаладан шығуға тырысатын адамдарды анықтап жатыр. Бұл жағдайда тәртіп сақшыларына қала мен Алматы облысының шекаралас белдеуінде орналасқан күзет мекемесінің қызметкерлері көмектеседі.

“Әрине, ауадан келген мұндай қолдау карантинді бұзушылардың нақты орналасқан жерін білуге және оларды қала шекарасынан өтіп кетемге дейін анықтауға көмектеседі. Бұл аймақта тәулік бойы тау бөктерінде азаматтық квадрокоптермен бірге атты патрульдер де жұмыс істейді, бұл ереже бұзушылардың заңсыз қашуына мүмкіндік бермейді. Осы аймақ арқылы өтуді қалайтын адамдардың санын азайтуға мүмкіндік берді, басқа айналып өту жолы жоқ. Тауларға жақындағанда құқық бұзушылар дронды, ат патрульдерін көріп, артқа шегінеді. Осыған байланысты күзет агенттігінің қызметкерлеріне тек кәсіби дайындығын ғана емес, сонымен қатар, төтенше жағдай уақытында құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті де көрсеткендері үшін алғыс айтамыз”, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру