Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған кафе анықталды

Түркістан облысының полицейлері карантинге қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен кафені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас санитариялық-дәрігердің қаулысын орындау мақсатында Түркістан облысы ПД-ның қызметкерлері жергілікті тұрғындардың карантин режимін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Облыс аумағында полицейлер, СЭС және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құрылған мобильдік топтар құрылды. Олар карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы керектігін, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауды, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіруде. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданында аталған нысандарды тексеру кезінде Жібек жолы ауылында карантинге қарамастан қызмет көрсеткен кафелердің бірін анықтады. Сарыағаш АПБ қызметкерлері кафені жалға алушы кәсіпкер азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақтады. Тиісті шара қабылдау үшін құжаттар Сарыағаш аудандық СЭС-ке жолданған.

Өз кезегінде полицейлер карантин режимін сақтауды ескертеді. Бетперде тағып, антисептик қолданып жүруге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру