Карантин кезінде жұмыс жасаған монша анықталды
Маңғыстауда полиция заңсыз жұмыс жасап тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 тамыз күні сағат шамамен 23.00-де Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының жедел уәкілдері Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Ақтау қаласы 22 шағын ауданында орналасқан моншада қырыққа жуық келушілерді ұстады.
Тексеру барысында полицейлер моншаның жұмыс жасап тұрғанын және 15 бөлмесі бос емес екенін анықтады.
Құқық бұзушыларғға қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Жадығат Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолданды.Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы карантин режимін сақтап, ережелерін қатаң ұстанып және жеке қорғану құралдарын қолданып жүруге шақырады.