Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жасырын шаштараз жұмыс істеді

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала тұрғындарының енгізілген тыйымдар мен шектеулерді бұзғанын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда барлық тыйымдарға қарамастан шаштараз жұмыс істеді. 7 тамыз сағат 11.30-да 1 шағын аудандағы учаскелік инспекторлар аталған мекемені анықтады.

Шектеу шараларын бұзғаны үшін кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күн сайын шектеу шараларының бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Маңғыстау Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев бас санитарлық дәрігердің ұсынысы негізінде аймақта әлі де шектеу шаралары қолданылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру