Карантин режимін бұзғандар анықталды
Шымкентте карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында рейдтік жұмыстар жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарының орындалуын бақылау мақсатында Еңбекші ауданы аумағында аудандық полиция басқармасы, әкім аппараты, прокуратура, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен құрылған мобильді топ кәсіпкерлік нысандарын мониторингілеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Кезекті рейдтік іс-шара барысында Тәуке хан даңғылында орналасқан «Тұмар» мейрамханасында азаматтардың карантиндік талаптардың бұзылуына жол беріп, той жасап жатқаны анықталды.
Бұл жайт бойынша жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша заңды шешім қабылдау үшін жолданды.