Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Таза қала” іс-шараcы өткізілуде

Шымкентте “Таза қала” іс-шараcы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың 13 қаңтары мен 13 ақпаны аралығында қала аумағында Таза қала” іс-шарасын өткізуде.

“Таза қала” іс-шарасының мақсаты қоғамдық орындарда және қала көшелерінде тәртіпті сақтауға, абаттандыру және санитарлық нормалар ережелерін бұзу, қоғамдық орындарды ластау, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтардың тастауды, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Сондай-ақ аталған іс-шара барысында қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау, тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған адамдарды тексеру, іздеудегі адамдарды ұстау, автокөлікті жөндеу орындары мен темір қабылдау пункттерін тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Іс-шараның алғашқы тәулігінде барлығы 379 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша 146 құқық бұзушылық тіркелді.

– ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша 67 жайт анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) бойынша 18 құқық бұзушылық анықталып, көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) бойынша 52 құқық бұзушылық және өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Жалға берілетін 223 пәтер тексерілді. Бұдан бөлек, қайыр сұраумен айналысып жүрген 35 тұлға анықталып, олар қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Сонымен қатар карантин режимін бұзу деректерін анықтау мақсатында арнайы топ құрылып, карантин режимін сақтамаған 43 нысан анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру