Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келес ауданында 150-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Келестік полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 150-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.  Аталған іс-шараның негізгі мақсатыкриминогендік ахуалды, қоғамдық тәртіпті қадағалап, алдын алу және болдырмау, көшелерде, адам көп шоғырланатын орындарда тәртіпті қадағалау, қылмыскерлерді ұстау, анықтау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағандарды анықтау болып табылады.

Осы бағытта Келес АПБ-нің қызметкерлері тыйым салынған заттарды, оның ішінде есірткі затын заңсыз алып жүргені бойынша бір жайтты анықтады. Нақтырақ айтсақ, Келес ауданының полицейлері Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Оны тексерген уақытта сөмкесінің ішкі қалтасынан ақ түсті фольгаға оралған есірткі затына ұқсас хош иісті кептірілген өсімдік табылды.

Полицейлер айғақты затты тәркілеп, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткі заты 1 граммнан астам мөлшердегі «кептірілген марихуана» болып шықты. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша тіркелді.  Олар: 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы«, 296-бап «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу«. Күдіктінің бас шарасы міндеттемемен босатылды.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оған қоса «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ үш тәулігінде келестік полицейлер 150-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықтады, оның ішінде 28 жайт «ұсақ бұзақылық», 12 ішімдік ішу немесе мас халде қоғамдық орында болу жағдайларын анықтады. Жол қауіпсіздігін сақтау бойынша жылдамдықты арттырған бір жайт, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы бойынша 17 жайт, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау бойынша 15 жайтты анықтады. ​​​​​​​​​

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер төрт дерек, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарымен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бір дерек, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуына байланысты жеті дерек тіркелді. Және тағы ӘҚБтК-нің 492-бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру« бойынша тоғыз хаттама, 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы« бойынша екі хаттама толтырылды. Сонымен қатар, профилактикалық есепте тұратын 110 адам тексеріліп, екі адам есепке қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру