Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігін жөндеуге көмектескен полицейлерге жүргізуші қыз алғысын айтты

Қарағанды қаласының полицейлері көлік дөңгелегінің желі кетіп, оны байқамай көшеде көлігін айдап жүрген қызға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция наряды қызметінің құрамындағы инспекторлар Ж.Кошанов және Р.Нургалиев, Мұқанов көшесінде патрульдеу кезінде “КИА” автокөлігінің көлденең тұрғандығына назар аударды. Машинаның алдыңғы доңғалақтарының желі шығып, ал жүргізіп келе жатқан қыз оған мән бермеген. Байқауынша, ер адам жүргізсе онша қиындық туғызбайтын бұл жағдайдан қалай шығу керектігін қыз білмеді.

Полицейлер қызға жақындап келіп, оған көмекке келу қажет пе екендігін сұрады. Азаматша полицейлердің көмегінсіз дөңгелекті жасай алмайтындығын мойындады. Оның автокөлігінің доңғалақтары жанынан кесілгендігі анықталды.

Полицейлер қызға қосалқы доңғалақты ауыстыруға көмектесті. Сонымен қатар, ол немқұрайлылық танытпай назар аударғаны үшін инспекторларға ризашылығын білдіріп, әрі қарай жолын жалғастырды. Турасында, осы күні әлеуметтік желілерде кішігірім жол оқиғасының куәгерінің бірінен сурет жарияланды. Оған бірнеше желі қолданушылары жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру