Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келесте пробация қызметінің есебінде тұрған 10 сотталған адам жұмысқа жолдама алды

Келесте пробация қызметінің есебінде тұрған 10 сотталған адам жұмысқа жолдама алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік – құқықтық көмектің бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру.

Осыған орай жуырда Шымкент қалалық және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Келес аудандық пробация қызметі мен қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Пробация қызметі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында тоқсан сайын жәрмеңке өткізіліп тұрады. Аталған жәрмеңкеге мен пробация есебінде тұрған 120 сотталған азамат қатысты.

Іс-шарада жұмыс іздеушілерге газэлектродәнекерлеуші, тас құрылысшы, бетоншы, көмекші жұмысшы, электромонтер, тазалаушы, оператор, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, электрослесарь, аула сыпырушы және тағы басқа бос жұмыс орындары ұсынылды.

– Келес аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуға тырысудамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық пробация қызметкерлерінің басты тапсырмасының бірі, – дейді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы Нұрдәулет Әшірбаев.

Жұмысқа жолдама алып, отбасына көмек қолын созуға мүмкіндік алған алты сотты болған азамат Түркістан қалалық пробация қызметіне және қалалық жұмыспен қамту орталығына алғысын білдірді.

– Мен Келес аудандық пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп уақыт болмады. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқық бұзбауға тырысамын, – деді пробация қызметінің есебінде тұрған Азат есімді азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру