Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда автобөлшек сататын дүкендерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Атырауда автобөлшек сататын дүкендерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында жолда жүру ережесін бұзушылар арасында аса көңіл бөлінетіні ол алдыңғы жарық беру аспаптарына ксенон, лэд қондырған автокөліктер. Себебі осындай жарық шамдарын қондырған көлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытында қозғалыста жүретін жүргізушілердің көздеріне шағылысып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп, көптеген наразылық тудыратын мәселеге себеп болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін, яғни ксенон, лэд жарық шамдарын қондырған 1297 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы бағытта Атырау қаласы аумағында 16-20 қазан күндері аралығында өтіп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары автобөлшек сататын арнайы дүкендерге барып сатушыларға ескерту жұмыстарын жүргізді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру