Кентау полицейлері апта ішінде карантин талаптарын бұзудың 10 жайтын тіркеді
Кентау полицейлері апта ішінде карантин талаптарын бұзудың 10 жайтын тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары апта ішінде ҚР Түркістан облысының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысын бұзып, карантин талаптарын сақтамаған 10 жайтты анықтады.
Мысалы, кешкі сағат 17:20 шамасында қала көшелерінің бірінде орналасқан дүкеннің сатушысы бетпердесіз қызмет көрсеткен. Сонымен қатар дәріханалардың бірінде де қызметкері бетперде тақпастан жүрген.
Полиция қызметкерлері аталған жайттарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім шығару үшін тиісті орынға жолданды.