Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жоғалған 6 жасар қыз табылды

Ақтөбеде жоғалған алты жасар қыз табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамызда сағат 12.30-да Тургенев көшесіндегі үйде тұратын 6 жасар қыз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Дереу полиция қызметкерлері мен “Zello Poisk” еріктілері жоғалып кеткен қызды іздестіру бойынша іс-шараларды бастап, жоғалып кеткен қыз туралы барлық жеке құрамға бағдарлар жіберді. Бірнеше сағаттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған қызды тапты, ол “ЮРТА ПАРК” отбасылық демалыс саябағында болған. Белгілі болғандай, күндіз қыз ата-анасының жоқтығын пайдаланып, үйден шығып, автобуспен саябаққа жетіп, күні бойы сонда болған. Табылған бала ата-анасына беріледі.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналардан бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды, балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізуді және өз балаларының орналасқан жерін бақылауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру