Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау полицейлері көлік ұрлаған күдіктіні анықтады

Кентау полицейлері көлік ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын автокөлік ұрлығы бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, автокөлік шеберханасына жөндеуге қалдырған Opel Astra автокөлігі ұрланған. 

Бұл жайтты ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде автокөлікті ұрлап мініп кеткен күдіктіні анықтады. Ол осы автокөлік шеберханасында жұмыс істеген, жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, жас жігіт көлікті айдап әкетіп, содан кейін жол-көлік оқиғасын жасаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 2 миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру