Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта мас адам танысының телефонын тартып алған 

Қазығұртта мас адам танысының телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, аудан орталығындағы саябақтардың бірінде танысы оның Samsung телефонын тартып алған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді. 

Қылмысты ашуға полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-тергеу тобы бағыт алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция тонау қылмысына күдіктіні анықтады. Ол Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. 

Белгілі болғандай, ішімдік ішкен күдікті жәбірленушіден телефонды күшпен тартып алып, қашып кеткен. Сол күні тәртіп сақшылары оны “ізін суытпай” ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру