Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есептегі сотталған көпбалалы отбасыны қуантты

Ақтөбеде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған көпбалалы отбасыны қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есепте тұрған сотталғанның қайырымдылық істі жүзеге асыруына Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметкерлері көмектесті.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған Т. Ержан 7 баланы жалғыз асырап отырған көпбалалы ананың балаларын жаңа жылдық сыйлықтармен қуантып, көпбалалы ананың сәбиіне жөргекше сыйлады.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, бұндай ізгі іс-шара пробация есебінде тұрған сотталған Т.Ержанның тарапынан жасалған бірінші қайырымдылық акциясы емес. Яғни, ол бұған дейін пробация есебінде тұрған 8 баласы бар сотталған азаматшаға азық-түлікпен көмектескен.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялаған болатын. Мемлекет басшысының бастамасын қолдаған Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметкерлері жыл аясында есепте тұрған сотталғандармен бірге түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, балаларға ерекше көңіл бөліп келді.

– Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандардың көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық іс-шаралары биылғы жылы да жалғастыратын болады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру