Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ Павлодар тұрғынының есепшотынан 800 мың теңгені шешіп алды

Алаяқ Павлодар тұрғынының есепшотынан 800 мың теңгені шешіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қаңтарда Павлодар полициясына қала тұрғыны алаяқтарға тап болып, картасындағы барлық қаражаттан айырылғанын мәлімдеді.

32 жастағы Павлодар тұрғыны түсіндіргендей, ол сайттарының бірінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялаған. Жарты сағаттан кейін оған ер адам қоңырау шалып, барлық жиһаздарды сатып алғысы келетіндігін айтқан. Оң жауап алғаннан кейін ер адам карта нөмірін және абоненттік нөмірге келетін SMS-хабарламаны жазуды сұраған, оған ол барлық деректерді айтып берген.

– Бірнеше минуттан кейін банктік картадан барлық шоттардан жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам ақша алған, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Павел Павлов.

Қазіргі уақытта полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру