Кентауда құрылысы бітпеген үйге ұрлыққа түскен күдікті анықталды
Кентауда құрылысы бітпеген үйге ұрлыққа түскен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оның құрылыс жұмыстары бітпеген үйіне ұры түскен. Яғни, үйдің есігін белгісіз біреу бұзып, ішінде тұрған цемент араластыратын техникасын жымқырып кеткен. Шығын көлемі – 270 мың теңге.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Нәтижесінде күдікті ер адам тәулік ішінде анықталды. Тексеру кезінде күдікті ұрлап алған құрылғыны 50 мың теңгеге бас пайдасының қажеттілігіне сатып жібергені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.