Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте танысын сан соқтырып кеткен алаяқ құрықталды

Шымкентте танысын сан соқтырып кеткен алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда Абай АПБ-ның “102” арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, екі жылдан бергі танысы ірі көлемде несие алып беремін деп сеніміне кіріп, өз қызметі үшін алдын ала 90 мың теңге алып, алты ай бойы алдап келген.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы(Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында ұсталған азаматшаның заңсыз әрекетке оңай жолмен ақша табу үшін барғаны белгілі болды. Алған ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген.

Қазіргі кезде күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру