Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Несие төлегісі келмеген Ақмола тұрғыны полицейлерге алаяқтық туралы хабарлаған

Ақмола тұрғыны өз атына несие рәсімдеп, полицейлерге алаяқтық туралы хабарлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйекте Астрахан ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Айтуынша, 7 ақпанда микроқаржы ұйымы арқылы белгісіз тұлғалар оның атына 152 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Астрахан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің өзі осы микрокредиттік ұйымда өз атына онлайн-несие рәсімдегенін, оған қатысты алаяқтық әрекеттер ешкіммен жасалмағанын және қандай да бір мүліктік зиян келтірілмегенін анықтады.

Тергеу барысында ауыл тұрғыны бұл әрекетін мойындады.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК 419-бабы “Көрінеу жалған сөз жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру