Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды

Кентауда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне ауруханадан ауыр жарақат алған ер адамды жансақтау бөліміне жеткізгені туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары жәбірленушіні белгісіз көлік қағып, жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Кентау қаласының тұрғыны алған жарақаттарынан есін жимастан қайтыс болған. Жасырынған жүргізушіні іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен тәжірибелі полиция тобы бағытталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары жасырынған жүргізушінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Кентау қаласының тұрғыны болып шықты, оны қалалық полиция бөліміне жеткізді.ЖКО жайты бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы (Жол жүрісі немесе көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда. Анықтаушылар жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру