Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада карантин талаптарын бұзған 11 кәсіп иелері анықталды

Қызылордада карантин талаптарын бұзған 11 кәсіп иелері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Қызылорда қаласы бойынша кезекті рейд ұйымдастырылды. Мобильді топпен жүргізілген тексеру барысында қала орталығындағы мейрамханаларда отбасылық іс-шара өтіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Тексеру барысында аталмыш мейрамханада 150-250-ге жуық келушілер болғаны анықталды. Сондай-ақ түнгі клубтың бірінде “Ашық” бағдарламасы тіркелмей, үлкен жиын өткізген.

Мобильді топ бір тәулікте 20-25 шақты кәсіпкерлік нысанды тексерді. Нәтижесінде карантиндік режимін бұзған 11 заңбұзушылық анықталды. Той иелерінен және мейрамхана басшыларынан түсініктемелері алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық​ қадағалау басқармасына жолданды.​

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қала тұрғындарына және кәсіп иелеріне карантиндік режим жалғасатынын және Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау керектігін қатаң ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру