Кентаулық ер адам өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды
Түркістан облысында мас халде көлік басқарған тұрғын өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күнделікті жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдеу қызметтеріне шыққан Кентау ҚПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының инспекторлары түнгі сағат 03:00 шамасында қала көшелерінің бірінде жылдамдығы басым, Mitsubishi space punner көлікті байқап, тоқтауға белгі береді. Алайда жүргізуші тоқтамастан қаша жөнеледі. Қырағы полицейлер оның соңынан жетіп, тоқтатады.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде 2019 жылы Кентау қалалық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Сондай-ақ жүргізушінің ішімдік ішкеніне күмән туындап, медициналық куәландырудан өткізіледі. Нәтижесінде тұрғын мас халде кө белгілі болды.
Осы істі соңына дейін жеткізіп, нақты дәлелдерді келтіре отырып, анықтау жұмыстарын жүргізген Кентау ҚПБ-ның анықтау бөлімінің анықтаушысы Сара Ерімбет:
– Бұрын сотты болған жас жігіт көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, қайта ішімдік ішіп көлік басқарған. Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тіркеуге алынды. Сонымен қатар, тергеу барысында көлік басқа адамға тиесілі екені айқындалды. Яғни көлік жөндеумен айналысатын күдіктіге танысы өзінің бұзылып тұрған көлігін тастап кеткен. Үйінде ішімдік ішкен сезікті, бөтенің көлігін рұқсатсыз айдап, мас халде көшеге шыққан. 10 күн ішінде құжаттар жинақталып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Кентау қалалық сотының шешімімен 33 жастағы кентаулық ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырыла отырып, екі жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы тұста айта кетерім, құрметті көлік жүргізушілері! Жылдамдықты асырмаңыздар, ащы суды ішіп, рульге отырмаңыздар. Жолға шыққанда барлық құжаттарыңызды талапқа сай етіп алып жүріңіздер!, – деп атап өтті.