Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның автокөлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның автокөлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Оның айтуынша, таңғы сағат 05:00 шамасында белгісіз тұрғын үйінің ауласында тұрған Опель Вектра көлігін заңсыз айдап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына толық құрамда шығып, жедел-тергеу амалдарын бастап кетті. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Осылайша оны ПБ-ға жеткізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай күдікті мас халде үйіне жаяу келе жатып, жолда жәбірленушінің көлігін көрген. Содан соң өзінің барар жеріне жетуді көздеп, автокөлікті айдап кеткен. Шымкент қаласына дейін барып, сол жерде көліктің жанар жағармайы таусылған соң қала көшелерінің біріне қалдырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға автокөліктеріне сақ болуды ескертеді. Егер де, сіз, қандайда бір қылмыстық оқиғаның немесе ұрлықтың куәгері, құрбаны болсаңыз, полицияның “102” нөміріне жедел түрде қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру