Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер көлікті айдап әкетудің 5 фактісін анықтады

Атыраулық полицейлер екі күнде көлікті айдап әкетудің бес фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8-10 маусым аралығында Атырау облысы аумағында автокөліктер ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында облыстық “Айдап әкету” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілуде.
Ұрланған автокөліктерді шекара арқылы заңсыз өткізетін қылмыстық топтарды анықтау мақсатында Ресей Федерациясы, Қырғыстан және Өзбекстан Республикасының шекаралас ІІО-мен өзара іс-қимыл жасалды.

Автокөліктер ұрлығын және оларды айдап әкетулерді ашу бойынша жедел-тергеу топтары құрылып, олардың күшімен күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру, арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттернің кешені жүргізілді.

– Жедел шараның екінші күнінің қорытындысымен барлығы бас айдап әкету фактісі ашылып, оның ішінде үш бұрын жасалған және екі өткен жылдар санатындағы болды. Бес адам қылмыстық жауакершілікке тартылды. Сонымен қатар Жылыой ауданында бір іздестірілудегі қылмыскер ұсталды – деді Атырау облысы ПД-нің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

“Айдап әкету” жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша автокөліктер ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру