Кентаулық полицейлер алаяқтық қылмысының үш жайтына қатысы бар әйелді анықтады
Кентаулық полицейлер алаяқтық қылмысының үш жайтына қатысы бар әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны таныс емес әйел алдап кеткен. Яғни, алаяқ мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз 5 млн ақшаны шығарып беретінін айтып сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 1,1 млн теңге ақша алған. Алайда арада 2 жылдан астам уақыт өтсе де, сенген адамы әр сылтауды бір айтып, уәдесін орындамаған.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні анықтау үшін тәжірибелі кентаулық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті әйел анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы әперемін деп бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 2 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,6 миллион теңге. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.