Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

Екібастұз полицейлері ұрланған велосипедті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Энергетиктер-Мәметов қиылысынан жылдам өтіп кеткен ер адамға назар аударды. Ер адамды тоқтатып, тексергенде ол велосипедке қатысты қойылған сұрақтарға жауап бере алмады. Осыдан кейін ер адам жағдайды одан әрі анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, 39 жастағы ер адам Энергетиктер көшесіндегі үйдің кіреберісінен 38 жастағы тұрғынына тиесілі Dragon велосипедін ұрлап кеткен. Кіреберісте орнатылған қауіпсіздік камерасына ер адамның велосипед ұрлаған сәті түсіп қалған.

Велосипед иесіне қайтарылды. Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында велосипед ұрлығының 124 фактісі тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру