Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық полицейлер тұрғынның үйінен марихуана тәркіледі

Кентаулық полицейлер тұрғынның үйінен марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторынан есірткі заттарын сақтаудағы күдіктінің анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай, өзіне бекітілген аумақта қызметін атқарған полиция қызметкері Есімхан Бағзатхан Кентау қаласының тұрғынын есірткіге ұқсас затпен көргені туралы жедел ақпарат алады.

Күдікті ер адамның үйін тексеру барысында жатын бөлмесіндегі төсек орнының ішінен өзіне тән иісі бар есірткі заты салынған ақ қағаз табылды. Алынған заттай дәлелдемелерді бірден сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі заты «марихуана» болып шықты.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру