Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бір күн ішінде жол қауіпсіздігіне қатысты 500-ге жуық заң бұзушылық анықталды

Атырауда бір күн ішінде жол қауіпсіздігіне қатысты 500-ге жуық заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша жол қауіпсіздігіне қатысты 479 заң бұзушылық анықталды.

Оның 31-і көлік жүргізушілерінің маневр жасау қағидаларын бұзуы, 41-і көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалануы фактісі, жылдамдық асырған 63 автокөлік, қауіпсіздік белдігін тақпаған 69 азамат анықталды, жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан – 3, көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – 14,  жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы – 48.

Сонымен қатар, көлікті масаң күйде басқарған төрт көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Арнайы тұраққа 13 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру