Кентаулық тұрғын жұмысқа орналасу үшін алаяққа 60 мың теңге берген
Кентау қаласының тұрғыны алаяққа алданып қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяққа алданып қалғандығы туралы хабарлаған. 2018 жылдың күз айында танысы одан Ресей Федерациясына жұмысқа жіберемін деп 60 000 теңге алып, әлі күнге дейін қайтармаған.
Аталған арыз негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тергеу барысында аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдіктіден жауап алынды. Күдікті кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетіндігін жеткізді.