Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте үйден алтын бұйымдар мен ақша жымқырған ұры қолға түсті

Шымкентте үйден алтын бұйымдар мен ақша жымқырған ұры қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 31 наурызында Қаратау аудандық полиция басқармасына 102 арқылы Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғыны арызданған. Ол үйіне белгісіз біреулердің терезе арқылы кіріп, құны 200 мың теңге тұратын алтын алқа мен жалпы құны 100 мың теңгені құрайтын екі алтын сақинаны, сондай-ақ, ақшалай 200 мың теңгені ұрлап кеткенін хабарлаған. Ұрылар жәбірленушіге 500 мың теңге материалдық шығын келтірген.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы күдіктіні ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру