Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулықтың үйінен заңсыз сақталған қару табылды

Полицейлер Түркістан облысының тұрғынынан карабин мен оқ-дәрілері бар аңшылық мылтықты тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қаласының тұрғынын ұстады.

Оның үйінен заңсыз сақталған қару табылды. Бұған дейін Криминалдық полиция басқармасына Кентау қаласында тұратын азаматтардың бірі қаруды өз үйінде сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен болатын.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қалалық Полиция басқармасы полицейлерімен бірге заңсыз қару-жарақ сақтаған күдіктіні ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде тәртіп сақшылары оның үйінің ауласындағы сарайдан тіркелмеген карабинді, 16 калибрлі екі ұңғылы мылтықты, оқ-дәрілер салынған төрт полиэтилен пакетті тапты.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің қандай мақсатта қару ұстағанын анықтап жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау, өткізу мен алып жүру үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сіз қару немесе басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау жайттары бойынша қандай да бір ақпаратты білсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру