Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кербұлақ ауданының бас полицейі тұрғындарды жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды

Кербұлақ ауданының бас полицейі тұрғындар мен көлік жүргізушілерін жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының күрт өзгеріп, боран соғуына байланысты Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы әлеуметтік желі арқылы аудан тұрғындары мен жолаушыларға бейнеүндеу жолдады. Ол шаруақожалық иелеріне, малшыларға және жүргізушілерге ауа-райының есепке алып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.

– Бұған дейін ауа райының жылынуына байланысты шаруа қожалық жұмысшылары мен жүргізушілер түрлі шаруалар жоспарлауы мүмкін. Бүгін ақтүтек боран басталды. Аудандағы көп жолдар таулы аймақтар арқылы өтетінін жақсы білесіздер. Осыған орай, аудан тұрғындарын мүмкіндігінше жолға шықпауды немесе көліктерінің техниқалық жағдайын мұқият тексеруді сұраймын. Жолда қауіпсіздік шараларын, жылдамдық тәртібін естен шығармаңыздар!, – деді бейнеүндеуінде Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы Ербол Ахметқалиев.

Алматы облысының Кербұлақ ауданы аумағында автожолдар «Алтынемел ұлттық паркі» және Арқарлы асуларын басып өтетінін жақсы білеміз. Қалың қар мен боран кезінде таулы аймақтағы жолмен жүру күтпеген қиындықтар туғызуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру